• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

BRT желісіне 18 метрлік жаңа автобустар шықты

Жолаушылар ағынының артуына байланысты BRT желісінде №205 жаңа бағыт ашылды, мұндағы көлік Мұстафин - Рысқұлбеков - Сүлейменов - Жандосов - Тимирязев - Желтоқсан (кері бағытта Наурызбай батыр) - Төле би көшелерін, Шығыс айналма жолын және «Жетісу» базарын қамтиды. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бұл бағыт бойынша қызмет көрсету үшін 30 жаңа көлік әр 5 минут сайын жолға шығады. Төмен еденді автобустардың сыйымдылығы 180 адамнан асады. Көліктер кондиционерлермен, видеобақылау камераларымен, еңкейгіш кузовпен жабдықталған, әрі Евро-5 экологиялық санатына сай келеді. 18 метрлік автобустың төрт есігінің әрқайсысына «ОҢАЙ» терминалы орнатылған.


 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.