• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Б.Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша Алматы қаласының шетіндегі шағын ауданда қадамдық қолжетімділік қағидаты бойынша жаңа медициналық орталық ашылды

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың жақын жерде орналасқан қолжетімді медициналық нысандарды ашу туралы тапсырмасын орындау аясында Жетісу ауданының Көкмайса шағын ауданында алғаш рет «Республикалық отбасылық-дәрігерлік орталық» медициналық пункті ашылды. Енді Көкмайса ықшам ауданының тұрғындары тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен міндетті медициналық сақтандыру пакеті шеңберінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек ала алады, учаскелік дәрігердің, сондай-ақ невропатолог, гинеколог және басқа да мамандардың кеңесін ала алады.

Медпункт түрлі бейіндегі консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсету үшін заманауи құрал-жабдықпен жабдықталған. Медициналық пунктте ультрадыбыстық зерттеуден өтуге, қажетті талдауларды тапсыруға, емшара кабинетінің қызметтерін алуға болады.

Аудан әкімдігінде хабарлағандай, шағын аудан тұрғындары медициналық пункттің ашылуын көптен бері сұраған, енді бұл мәселе шешілді.

«Бүгінде Жетісу ауданының Көкмайса шағын ауданында 10 мыңнан астам адам тұрады. Негізгі медициналық қызметтерді алу үшін адамдар автобуспен ең жақын емханаға баруға мәжбүр болды, бұл әсіресе аға буын өкілдеріне кейде ыңғайсыздық тудырды. Бірақ қазір бұл мәселе шешілді, өйткені республикалық отбасылық-дәрігерлік орталықтың медициналық пункті ашылды. Олар өз қаражатына жөндеу жұмыстарын жүргізіп, медпункті ең қажетті жабдықтармен жабдықтады. Медпункттің ашылуы шағын аудан тұрғындары үшін көптен күткен қуанышты оқиға. Қолжетімді жерде орналасқан медициналық нысандарды ашу бойынша осы жұмысты әрі қарай жалғастырамыз», — деді Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің м. а. Дамир Нұрсұлтанұлы Әкежанов.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.