• eng
  • қаз
  • рус

budget.open-almaty.kz порталында «Бюджетке қатысу» жобасы аясында өтінім қабылдау жалғасуда

Жобалық ұсыныстар 15 қыркүйекке дейін қабылданады. Кейін сараптау комиссиясы оларды іріктеп, 4-13 қазан аралығында тұрғындардың дауыс беруі нәтижесінде жеңімпаз жобалар анықталады.

Бүгінде 83 жобалық ұсыныс келіп түсті. Оның ішінде спорттық және балалар ойын алаңдарын орнату және жөндеу, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймағы, веложолдар), аулаға асфальт төсеу, көшені жарықтандыру және т. б.

Өтінім беру үшін жобалық ұсыныстың атауын, сипаттамасын, объектінің мекенжайын көрсетіп, эскизі мен сметасын қоса беру қажет (бағдарлы болуы мүмкін).

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.