• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Бүгін Алматыда «Баршаның назарына!» дабылы қосылады

Алматы Төтенше жағдайлар департаменті 2018 жылдың 6 желтоқсанында жергілікті уақыт бойынша 12 сағат 55 минутта құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығын тексереді.

Тексеру барысында электр дабылдарын қосу арқылы «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналы және теле арналар мен радио толқындарын автоматты түрде бір уақытта қамту арқылы халыққа құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығын тексеру жүргізіліп жатқандығы туралы хабар беру қарастырылған.

Алдағы уақытта құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығын тексеру әр айдың бірінші бейсенбісі күні 12 сағат 55 минутта жүргізіледі. Мерекелік күнге сәйкес келген жағдайда келесі бейсенбіге ауыстырылады.

Осыған байланысты Департамент Алматы тұрғындары мен қонақтарын сабырлық сақтауға және үрейленбеуге шақырады!

Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.