• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

«Бюджетке қатысу» жобасы бойынша өтінім қабылдау 5 қазанға дейін жалғасады

2019 жылы Алматы қаласының әкімдігі «Бюджетке қатысу» пилоттық жобасы іске асырылатынын жариялады. Жоба қаладағы 8 ауданның әрқайсысына жергілікті бюджеттен 500 млн теңгеден бөлуді көздеді.

Қала бюджетін қандай бастамаларға бағыттауды алматылықтардың өздері ашық талқылау және дауыс беру арқылы анықтады. Идея авторларының өтінімдеріне Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшелері, сарапшылар, мәслихат депутаттары, ҮЕҰ өкілдері де өз бағасын берді.

budget.open-almaty.kz порталына 333 өтінім түсті, оның 228-і дауыс беруге жіберілді. Ұсынылған бастамалар саны бойынша Алмалы, Медеу және Бостандық аудандарының тұрғындары көш бастады. Өткен жылғы барлық бастамалармен толығырақ budget.open-almaty.kz порталында танысуға болады.

2020 жылы «Бюджетке қатысу» жобасы бойынша өтінім қабылдау 28 тамызда қайта басталады. Жобаның жалпы сомасы 6,4 млрд-қа дейін ұлғайтылды – қаланың әр ауданына 800 млн теңгеден. Тұрғынның бір өтінімінің құны 55,5 млн теңгеден аспауы тиіс.

Кез келген адам қалалық ортаны дамыту идеясын ұсына алады. Егер бастаманы басқа тұрғындар дауыс беру кезінде қолдаса, ол қалалық бюджет есебінен іске асырылады.

Өтінімдерді қабылдау, дауыс беру және бастамаларды іріктеу budget.open-almaty.kz порталында онлайн түрде өтеді. 5 қазанға дейін өтінім беріп үлгеріп, қала бюджетін қайда бағыттау керектігін өздеріңіз шешіңіздер.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.