• eng
  • қаз
  • рус

БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы есепшоты автоматты түрде ашылатын болады

Азаматтардың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуына қатысты жағымды жаңалықтың бірі, жеке зейнетақы есепшотын ашу рәсімі жеңілдетіліп отыр. 2018 жылдың 27 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша бірқатар заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына енгізілген түзетулер міндетті зейнетақы жарнасын төлеу процедураларын оңтайландыруға бағытталған.

Жаңа жарна төлеушілер үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының міндетті зейнетақы жарнасын төлеушілерге жеке зейнетақы шотын ашу жеңілдетілген.

Қолданыстағы заңға сәйкес, (2018 жылдың 27 желтоқсанында енгізілген өзгерістерге дейінгі) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеке тұлғалар жеке зейнетақы есепшотын ашу үшін БЖЗҚ бөлімшелерінің қызметіне жүгініп, өтініш жазатын. Енді жаңа жарна төлеушілер үшін, БЖЗҚ түскен алғашқы жарна негізінде автоматты түрде есеп-шот ашылады.

Бұл «өтінішсіз» механизмі бойынша міндетті зейнетақы жарнасы есебінен жеке зейнетақы есепшотын ашу БЖЗҚ зейнетақы ережелеріне енгізілген өзгерістер 2019 жылдың бірінші тоқсанында күшіне енген сәттен бастап жұмыс істейтін болады.

Осы орайда жарна төлеушілердің барлық қажетті мағлұматтарын, жеке куәлігінің, тұрақты мекенжайы туралы мәліметтерін БЖЗҚ мемлекеттік органдардың ақапараттық жүйесінен алады.

Ақпарат көзі: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсы

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.