• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Чек бермеген жағдайда «WhatsApp» арқылы шағымдануға болады

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті көлеңкелі экономикамен күрес, сондай ақ тауарлар мен қызметтерді сатып алу кезінде чек бермеу фактілерін анықтау мақсатында 2018 жылдың 27 қарашасынан бастап салық төлеушілер кассалық тәртіп мәселесі бойынша шағым жолдауы үшін «WhatsApp» мессенджерін іске қосты.

«Өкінішке орай, сатып алушылардың көбі сатушылардың чек бермеуіне аса назар аудармайды. Чектің берілмеуі шаруашылық жүргізуші субъектісінің табатын кірісін азайтып көрсетуіне мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде салықтың бюджетке толық түспеуіне әсер етеді. Сондықтан барлық азаматтардан тауарлар мен қызметтерді сатып алу кезінде міндетті түрде бақылау-кассалық машинасының чегін талап етуді сұраймыз», - делінген Алматы МКД хабарламасында.

Фискалды чек берілмеген жағдайда сауда нүктесінің мекенжайы мен атауын көрсете отырып, шағымды 8-778-200-60-01 нөмірі бойынша жіберуге болады.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.