• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

COVID-19 бойынша жаппай тестілеу жүргізу Алматыда жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік берді

Алматы әкімі Б. Сағынтаев БАҚ үшін болған брифингте санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру шаралары және мегаполистің тыныс-тіршілігін қалпына келтіру туралы айтты.

Бақытжан Сағынтаев хабарлағандай, жаппай тестілеуден медұйымдардың, құқық қорғау органдарының, Ұлттық гвардияның, коммуналдық қызметтің қызметкерлері, тыныс алу жолдарында бұрыннан аурулары бар сырқаттар, респираторлық ауру белгілері бар науқастар өтті.

Басты мақсат — індетті жұқтырудың нақтылы ошағын анықтау және эпидемиологиялық жағдайды бақылау. Осының арқасында карантин шаралары бәсеңсіп, кәсіпорындардың жұмыстарын жалғастыруға мүмкіндік туды.
Бүгінгі күні 149 866 тест жүргізілді, оның ішінде ПЦР әдісі бойынша 123 855 адам тексерілді, 26 011 адам экспресс-тестілеуден өтті. 2 353 оң нәтиже анықталды, оның 90 пайызы профилактикалық шаралар барысында белгілі болды, 7 пайызы жергілікті оқиғалар болса, 3 пайызы сырттан келгендер.

Айта кетерлігі, жеке инвесторлардың қатысуымен зертханалар саны 2-ден 6-ға дейін артты. Сараптама жасаудың 2 жылжымалы қоршаулы пункті ашылды.
Күн сайын 4500-5000 тестілеу жүргізу жоспарлануда.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.