• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Дауылды ескерту

Алматыда 6 ақпанда қатты қар жауып, ауа температурасы минус 15-20 градусқа дейін төмендейді деген болжам бар.

Алматы қ. Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК филиалының дауылды ескертуі негізінде кеңес береді:

- Балаларды үйде ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыз;

- Балаларға пеш жағуды және оны қарауды сеніп тапсырмаңыз;

- Пешті қыздырып жібермеңіз;

- От жағу үшін тез тұтанатын сұйықтықтарды пайдаланбаңыз;

- Пештің үстіне киім мен отын кептірмеңіз;

- Үй-жайларды жылыту үшін қолдан жасалған электр жылытқыштарды қолданбаңыз, электр желілерін шамадан тыс жүктемеңіз.

Өрт немесе жану белгілері (түтін, күйік иісі, жоғары температура) анықталған жағдайда дереу 101 немесе 112 телефонына қоңырау шалыңыз.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.