• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Дексаметазонды үйде қолдануға тыйым салынған — Алматы қалалық балаларға арналған клиникалық инфекциялық ауруханасының бас дәрігері

Бұл туралы Алматы қалалық балалар клиникалық инфекциялық  ауруханасының бас дәрігері Ержан Сералин COVID-19-ды емдеу және стационарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету сұрақтары бойынша өткен өңірлік коммуникация қызметінің алаңында өткен онлайн-сұхбат барысында айтты.

«Барлық жерде дексаметазонды қолдану қажет деген ақпарат кең таралған. Өкінішке қарай, бұл препаратты үйде қолданып бастаған адамдар бар.  Препараттың бұл түрін тек стационарлық жағдайда ғана  қолдануға болатындығын тағы да қайталап айтқым келеді», — деді Ержан Сералин, сонымен бірге ол бұл дәрінің міндетті түрде тек  дәрігердің бақылауында болғанда және талдауларды түзетуде   тағайындалатынын қоса кетті. 

Сондай-ақ, дәрігер тұрғындарды әлеуметтік желілерде жарияланып жатқан препараттарды қолданудан бас тартуға шақырды.

«Өкінішке қарай, интернетте,  әлеуметтік желілерде осы вирустық инфекцияны емдеу үшін көрсетілмеген бірнеше препараттар туралы көптеген ақпараттар бар. Қайдан шыққаны туралы мәліметі мүлдем жоқ препараттар қолданылып жатыр. Күнделікті ауруханаларда емдеу кезінде мұның бәрі қандай асқынуларға әкеліп жатқандығын көріп жүрміз», — деді Ержан Сералин.

Өзін-өзі емдеу және тағайындалмаған антибиотиктерді, белгісіз препараттарды қолдану нәтижелері ауыр асқынуларға алып келетіндігін есте ұстаған жөн.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.