• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Е. Бабақұмаров интернатты ұйымдардың көрсетілетін қызмет түрлерінің сапасына мониторинг жүргізу бойынша комиссия құруды тапсырды

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров видео-конференция-байланыс режимінде Алматы қаласының интернаттық ұйымдарының барлық басшыларының қытасуымен кәмелеттік жасқа толмағандар және олардың құқығын қорғау ісі бойынша қалалық Ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді.

Отырыстың жұмысына Алматы қаласының мәслихат депутаты Шавкат Омаров, Алматы қаласының Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева, полиция полковнигі, Жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Манап Саттаров, «Қазақстанның балалар үйі түлектерінің ассоциациясы» ЗТҰ президенті Рафаэль Гасанов және басқалары қатысты.

Комиссия арнайы интернаттық ұйымдардың жұмысын жетілдіру, білім саласында көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, балалар үйі түлектерінің жұмысқа орналасуына жәрдемдесу, қылмыстың алдын алу мәселелерін қарады.

Қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Айтқұлованың, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әсел Бисенбаеваның, Алматы қ. ЖПҚ Ювеналды полиция басқармасының басшысы, полиция подполковнигі Лейла Әліпбаеваның баяндамалары тыңдалды.

Алматыда 18 мектеп-интернат бар, оларда 3640 бала тұрады. 8 түзету мектеп-интернаттарында 2542 бала тәрбиленуде, олардың арасында сөйлеу, есту кемістігі бар балалар, сонымен бірге жетім балалар да бар. Барлық мекемелер шеберханалармен, ойын залдарымен және медициналық пункттермен жарақтандырылған. Соңғы үш жылда ұйымдардың тәрбиленушілеріне, жетім балалар мен ата-ана қарауынсыз қалған балаларға 259 пәтер берілген.

Суицидтің алдын алу мақсатында Психикалық денсаулық орталығының негізінде психологтардың онлайн кеңес беру жұмысы ұйымдастырылды. Осы кезге дейін 29 адамға кеңес беріліп, соңғы 4 айда сенім телефонына қала тұрғындарынан 1035 қоңырау келіп түсті, өткен жылы 1209 қоңырау түскен еді. Қоңырау шалушылардың бәріне білікті мамандардың психологиялық көмегі көрсетілді. Сонымен бірге, білім беру жүйесінің 148 маманы оқу семинарларына қатысты. Әлеуметтік педагогтар, медициналық қызметкерлер және басқа да мамандар арасынан 4 ауданда 206 адам үйрету курстарынан өтті.

Алматы қаласының Білім басқармасы жүйелі түрде интернаттық мекемелер қызметін анықталған тәртіп бұзушылықтарды көрсете отырып және олардың жойылуын бақылау ала отырып, мониторинг жүргізеді. Тексеру барысында мемлекеттік сатып алулар, еңбек заңнамасы, санитарлық және өрт нормаларының бұзылуы сынды тәртіпбұзушылықтар анықталды.

Нәтижесінде анықталған тәртіпбұзушылықтардың бәрі жойылды. Арнайы (түзету) мектеп-интернаттардың бірқатар директорлары мен директор орынбасарлары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Алматы қаласы әкімінің орынбасры Ержан Бабақұмаров балалардың сапалы білім және тәрбие алуы, тамақтануы, мекеме қызметкерлері тарапынан балаларға дұрыс емес қатынас орнатуын болдырмау, сонымен қатар, 29 жасқа жетпеген жетім балаларды баспанамен қамту сынды мәселелерге баса назар аударды.

«Балалар – біздің болашағымыз. Интернаттық ұйым жетекшілері біздің балалардың өмірі мен қауіпсіздігіне жеке басымен жауапты. Тәрбиленушілердің заңды құқықтары мен мүдделерін бұзу фактілерін жасыруға мүлде жол бермеу керек», — деп атап өткен Е. Бабақұмаров бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Қалалық Білім басқармасы мен білім жетекшілеріне тәртіп бұзушылықтардың алдын алу, интернаттық ұйым түлектерін жетекшілік және басқа да институттарды қатыстыра отырып жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша жұмысты күшейту тапсырылды. Бір ай ішінде жүргізілген жұмыстар және алдағы кезеңдегі атқарылуы тиіс міндеттер жөнінде қамқорлық кеңесін өткізу тапсырылды.

Алматы қаласы бойынша Білім саласын бақылау департаменті мен Қазақстанның балалар үйі түлектері ассоциациясына қалалық интернаттық ұйымдар көрсететін қызметтер сапасының межеге сәйкес болуы жөнінде мониторингтік комиссия құру тапсырылды. Тексеруден бөлек, балалар арасында сауалнама да жүргізіледі. Сауалнама жүргізу барысында әкімшіліктің араласуына жол берілмейді.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.