• қаз
  • рус

Ержан Бабақұмаров халықты МӘМС жүйесімен қамту жұмыстарын күшейтуді тапсырды

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқармасы төрағасының орынбасары Ләззат Ақтаевамен мегаполис халқын МӘМС жүйесімен қамтудың маңызды мәселелері бойынша өңірлік штабтың онлайн-отырысын өткізді.

Отырысқа ӘМСҚ Алматы филиалының басшылығы, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау, әлеуметтік әл-ауқат, кәсіпкерлік және инвестициялар басқармалары, өңірлік кәсіпкерлер палатасы, сонымен бірге мемлекеттік және жекеменшік медициналық мекемелердің бас дәрігерлері қатысты.

Басты мақсат — мегаполис халқын әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен қамтуды кеңейту бойынша шараларды күшейту, ол өз кезегінде халықтың медициналық қызмет түрлеріне жұмсайтын қаржысын төмендетуге мүмкіндік береді. Ержан Бабақұмаров жұмыс берушілер мен ірі, орта және шағын бизнес субъектілерінің, сонымен бірге жоғары оқу орындарының және орта білім беру орындарының, сонымен бірге халықтың жеңілдік жасалатын санатының мәліметтерін актуализациялау қажеттігіне назар аударды.

Өз кезегінде Ләззат Ақтаева медициналық ұйымдардың кепілдендірілген тегін көмек, оларға қол жетімділік, соның ішінде сақтандыру статусына қарамастан жедел қызмет көрсетуді қоса алғанда науқастар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту жұмыстары мәселесін көтерді.

Алматы қаласы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалының директоры Т. Әбілдаев үстіміздегі жылы бюджет 1,6 есе өскенін және 197,6 млрд тг құрағанын айтты. Оның ішінде COVID-19 коронавирусымен күрес аясында эпидемияға қарсы шараларға 12,5 млрд тг бөлінді. Наурыздан шілдеге дейінгі аралықта 27 265 медициналық қызметкерге жалпы сомасы 8,9 млрд тг болатын үстемеақы төленді.

Бүгінде Алматы қаласында 154 медициналық ұйым МӘМС жүйесі аясында қызмет көрсетуде, оның ішінде 62 пайызы мемлекеттік меншік формасында болса, 38 пайызы жекеменшік иелікте. Көрсетілетін медициналық қызмет сапасына тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі. 2020 жылдың I жарты жылында көрсетілген қызметтердің сапасы мен көлемі бойынша 4 мыңнан астам ақау анықталған, медициналық ұйымдарға салынған айыппұл 200 млн тг асты. Өткен жылдың I жарты жылдығымен салыстырғанда ақаулардың (2019 жылдың I жарты жылындағы айыппұлдар сомасы 250 млн тг асқан) азайғаны байқалған.

Отырыс барысында медициналық ұйымдар бас дәрігерлерінің МӘМС аясында халыққа медициналық көмек көрсету туралы баяндамалары тыңдалды.

Өңірлік штабтың төрағасы, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров МӘМС аясында халықты қамтудың қала тұрғындарының сапалы медициналық қызмет алу құқығымен қамтамасыз етуге қажет екенін атап өтті және басқармалар және медициналық ұйымдардың басшыларына аталған сұрақты ерекше бақылауға алуды тапсырды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі халыққа медициналық қызмет түрлерінің кеңейтілген пакетін, соның ішінде қымбат тұратын процедуралар мен операцияларды кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемімен шектелмей көрсетуге мүмкіндік береді.

Анықтама үшін: міндетті әлеуметтік сақтандыру сұрақтары бойынша 1406 нөмірі бойынша Бірыңғай байланыс-орталығынан кеңес алуға болады.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.