• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ержан Бабақұмаров медициналық қызметкерлерге үстемақы төлеу мәселелері бойынша Алматының бірқатар емханаларына ескерту жасады

Алматы қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша әкімнің орынбасары Ержан Бабақұмаров медициналық мекемелердің басшылығымен эпидемияға қарсы шараларға жұмылдырылған денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлеріне жалақыға үстемақы төлеу мәселелері бойынша жұмыс жиналысын өткізді.

Оған қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы К.Надыров, Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы – бас мемлекеттік санитар дәрігер Ж. Бекшин, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің "Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы" ШЖҚ РМК Алматы қалалық филиалының басшысы Г. Ысқақова, сондай-ақ қаланың медициналық мекемелерінің бас дәрігерлері қатысты.

Медициналық қызметкерлер арасында жұқтыру жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдерге ерекше назар аударылды. Қазіргі уақытта тиісті төлемдер жүргізілуде, сонымен бірге қажетті құжаттарды кешіктіру немесе дұрыс ресімдемеу мәселелері бар.

Осыған байланысты, Ержан Бабақұмаров осындай дұрыс істелмеген жұмыстары үшін емханалардың басшыларына, атап айтқанда, № 1 Қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері - Э. Қалиевке, №7 Қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері – М. Рамазановқа, Орталық қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері – Н. Табынбаевқа, Қалалық балалар клиникалық жұқпалы аутрулар ауруханасы – Е. Сералинге, қалалық жедел көмек көрсету ауруханасының бас дәрігері – А. Джувашевке, Қалалық паллиативтік көмек орталығының бас дәрігері – Э. Затыбековаға, фтизиопульмонология Ұлттық ғылыми орталығы – М.Әденовке, №1 көпсалалы медициналық орталық–Ж.Сәпиеваға ескерту жасады.

Алматы қаласының қоғамдық денсаулық басқармасына пандемиямен күреске жұмылдырылған медициналық мекемелердің қызметкерлеріне тиесілі барлық төлемдерді толық және уақтылы жүзеге асыру үшін тиісті құжаттарды енгізу жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.

Сонымен қатар, ай сайын нақты жұмыс істеген сағаттар бойынша медициналық ұйымдардың қызметкерлеріне қауіп топтары бойынша үстемеақылар төленеді. Алматы қаласы бойынша COVID-19-ға қарсы күрес аясында эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған ұйымдардың қызметкерлеріне үстемақы төлеуге арналған сома осы жылдың наурыз айынан бастап 6 ай ішінде 11 млрд теңгеден астам соманы құрады. Айлар бойынша төлемдер сомасы:
- наурызда 3 766 медицина қызметкері 1,2 млрд теңге сомаға;
- сәуір айында 5 474 медицина қызметкері 1,5 млрд теңге сомаға;
- мамыр айында 5 043 медицина қызметкері 1,5 млрд теңге сомаға;
- маусым айында 5 432 медицина қызметкері 1,8 млрд теңге сомаға;
- Шілдеде 7 541 медицина қызметкері 2,7 млрд теңге сомаға;
- тамыз айында сомасы 2,6 млрд теңгеге 6 623 медицина қызметкеріне төлем берілді.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.