• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ержан Бабақұмаров зертханалардың басшылығымен COVID-19 жаңа толқынына дайындықты қамтамасыз ету бойынша кеңес өткізді

Алматы қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша әкімнің орынбасары Ержан Бабақұмаров Алматы қаласы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшинмен бірлесіп, COVID-19-ға зерттеулер жүргізетін қала зертханаларының басшылығымен жұмыс кеңесін өткізді.

Басты мақсат — зертханалардың коронавирустық инфекцияның жаңа толқынына дайындығын талқылау, қазіргі жағдайды бағалау және алдағы кезеңге реагенттер қорын қамтамасыз ету.

Бүгінгі күні мегаполис аумағында COVID-19-ға ПТР әдісімен тексеру қуаты тәулігіне орташа 10 150 зерттеуді құрайтын 17 зертханада жүргізіледі. Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап ПТР әдісімен 550 мың зерттеу жүргізілді. Болашақта зертханаларда жүргізілетін зерттеулердің жалпы қуатын тәулігіне 20 000-ға дейін ұлғайту жоспарлануда.

Анықтама: Алматыда коронавирусқа ПТР-зерттеулер жүргізетін 17 зертхана:
Модульдік зертхана;
- «Приват клиник Алматы» ЖШС;
Алматы қаласы бойынша «ҰСО» филиалы;
- «ОЛИМП» КДЗ ЖШС;
- Санитарлық-эпидемиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы;
- 12 И. Жекенова атындағы ҚКЖАА;
«El Lab PCR» ЖШС;
- Педиатрия және балалар хирургиясы ҰО АҚ;
- «Аква Лаб» ЖШС;
- «ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы» ШЖҚ МКК»;
- «Medical Partners Korea Qazaqstan»ЖШС;
- М. Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ғылыми орталығы;
- «НұрЛаб-2030» ЖШС;
- «Innosol» ЖШС;
- «Иммунотест» ЖШС;
- «Гамма Лаб» ЖШС;
- М. Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ғылыми орталығы «Биотехнология ұлттық ғылыми орталығы».

ПТР және ИФТ зерттеулер жүргізу қуатын одан әрі арттыру мүмкіндігі бойынша зертхана басшылары тыңдалды.

Ержан Бабақұмаров күзгі-қысқы кезеңде қажеттілік артқан жағдайда ПТР тестілеуін үздіксіз жүргізу үшін реагенттердің жеткілікті санын қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды.

Сонымен бірге, шетелден жолаушылар ағынының ықтимал өсуін ескере отырып, Алматы халықаралық әуежайы аумағында жедел диагностиканы қамтамасыз етудің, келетін контингентті тексеру бойынша жұмысты күшейтудің маңыздылығы атап өтілді.

Халықты ПТР-диагностикалау рәсімдерінің ашықтығын арттыруға ерекше назар аударылды. Бұған дейін мегаполис аумағында жұқтыру статистикасында қала маңындағы аймақтарда да ауру жағдайлары көрініс тапқаны айтылған болатын. Осылайша, ақпараттық жүйелерді интеграциялау тестіленетін қала тұрғындарын есепке алу тиімділігі мен сырқаттанушылық динамикасын арттырады.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.