• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Грантқа өз бизнес-жобасын ұсынатындар 556,6 мың теңгеден алады

Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн-брифингте Алматы қаласы халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Диляра Иманқұлова мәлімдеді.

Қалалық басқару құрылымдары карантин шараларды аяқталғаннан кейін жұмыссыз қалған адамдарды қолдаудың бірқатар шараларын әзірлеп отыр. Мәселен, халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастырудан бөлек, «Еңбек» бағдарламасы аясында түрлі кәсіби курстарға жіберуден басқа, сондай-ақ, бастапқы бизнесті іске асыруды жоспарлап отырған адамдарға ақысыз және қайтарымсыз негізде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар берілмек.

«Өткен жылы мұндай гранттарды бізде 2867 адам алды, — дейді Диляра Иманқұлова. — Биылғы жылы 1705 адамға 200 АЕК көлемінде қаражат бөлінді (555,6 мың тг 1 АЕК есебінен – 2778 тг). Соның ішінде 706 алматылықтарға гранттар осы айда беріледі».

Спикердің айтуынша, «Еңбек» бағдарламасына қатысушылар мемлекеттік гранттарды алуға үміткерлер болып табылады. Бірақ, бұл тізімге техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында немесе «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткендер ғана енгізіледі. Сонымен қатар, «Еңбек» бағдарламасының бірінші бағыты шеңберінде оқуды аяқтаған және бұрын басқа мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде гранттар алмаған тұлғалар, сондай-ақ қоныс аударушылар мен оралмандар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан аз қамтылған және/немесе көп балалы отбасы мүшелері қатыса алады. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар 200 еселенген айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде беріледі. Аз қамтылған және/немесе көп балалы отбасы мүшелерінің, еңбекке жарамды мүгедектер мен жастардың мемлекеттік гранттарды алуға басымдық беріледі.

«Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау үшін біздің бағдарламаға қатысушылар 8 мың АЕК көлемінде шағын несие ала алады, – деп атап өтті спикер. – Бұл 21 млн тг астам қаражат деген сөз. Биыл осындай 140 жобаға қаражат бөлінді. Алғашқы үміткерлер бүгінге дейін 14 шағын несиені алып үлгерді».

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.