• eng
  • қаз
  • рус

Халықаралық музейлер күні

Халықаралық музейлер күніне орай 18 мамырда Алматы қаласы Мәдениет басқармасына қарасты «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК Алматы музейі, Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі, С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтің әдеби-мемориалды музей кешені, Д. А. Қонаев музейі, Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығы, Н. Тілендиевтің мемориалды музейлерінде «Музей түні – 2020» онлайн акциясын өткізеді. Барлық іс-шаралар музейлердің әлеуметтік желілерінде (инстаграмм, фейсбук, сайт) 18.00 – 23.00 уақыт аралығында көрсетіледі.

Акция бағдарламасында:

1) Алматы музейі

  • 19:00 – Музей экспозициясы бойынша «4 сурет 1 сөз» квест ойыны
  • 21:00 – «Сен Алматы тарихын білесің бе?» тақырыбында онлайн викториналық сұрақтар

Instagram: @almatymuseum

Facebook: Музей Алматы - Алматы музейі

2) Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі

  • 19:00 – Онлайн лекциялар (музыкалық археология, сасандо және сансин музыкалық аспаптары жайлы)
  • 20:00 – Қобыз және жетіген аспаптарын жасау бойынша шеберлік сағаттары
  • 21:00 – Дәстүрлі музыкалық концерт
  • 22:00 – Ойындар

Instagram: @ykhlas_museum

Facebook: Халық Музыкалық Аспаптар Музейі

3) С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтің әдеби-мемориалды музей кешені

  • 21 .00 – С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтің музей кешені туралы видеоролик көрсетіледі

Instagram: muzey_s.g.m

Facebook: Ғабит-Сабит Муканов-Мусрепов

4) Д. А. Қонаев музейі

Instagram: museumkunaev

Facebook: Д.А.Қонаев музейі

5) Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығы

  • 19:20 – «Аспаптар сыр шертеді» көрме
  • 19:30 – «Ұлттық өнерді насихаттаймыз» «Qazaq óner» қолөнер орталығының виртуалды экскурсиясы
  • 19:45 – Төрткен Кененқызы «Кенен Әзірбаевтың өмір жолы» (еске алу онлайн сабақ)
  • 20:00 – «Қобыз – көненің көзі» атты мастер-класс (тікелей эфир)
  • 21:00 – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері – Нұржан Жанпейісов тікелей эфирде
  • 22:00 – ҚР Мәдениет қайраткері – Талғат Әбуғазы тікелей эфир
  • 23:15 – «Түнгі музейге саяхат» квест-ойыны

Іnstagram multimedia_center

Facebook Мультимедиалық дәстүрлі музыка орталығы

6. Н. Тілендиев мемориалдық музейі

Instagram: tlendiyev_museum

Facebook: Мемориалный музей Н.Тлендиева

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.