• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Иесіз желілер қала балансына беріледі

Есептік кездесуде қала әкімі тұрғындардың электр қуатындағы іркілістер туралы сұрақтарына жауап берді.

«Барлық иесіз жатқан желілер коммуналдық меншікке қабылданады. Сегіз ауданның алтауы бойынша жұмыс аяқталды, қалған екі ауданда жұмыс жалғасады. Мұнда барлық мәселелер сот арқылы шешіледі», – деді әкім Б. Сағынтаев.

Жалпы, бүгінде 544 иесіз нысан Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен қала балансына берілді. Қалғандары бойынша жұмыс жалғаса береді.

Иесіз желілерді қала балансына өткізу коммуналдық қызметтердің апаттық жағдайларға жедел әрекет етуіне мүмкіндік береді. Коммуналдық қызмет тарифтерінің төмендеуіне септігін тигізіп, жалпы қалалық тарифтермен теңестірілуіне мүмкіндік ашады.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.