• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

III тоқсан басталды: Алматы мектептерінде эпидемиологиялық қауіпсіздік бойынша барлық шаралар қабылданған

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында 2020-2021 оқу жылының III тоқсанындағы оқу форматы туралы айтып берді.

2020-2021 оқу жылында қалада жалпы контингенті 287 мыңнан астам оқушыны құрайтын 276 мектеп жұмыс істейді, оның 207-сі — 270 мыңнан астам оқушыны қамтитын мемлекеттік мектеп, 69-ы — 17 мыңнан астам оқушыны қамтитын жекеменшік мектеп.

Балалар мен мұғалімдердің денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау мақсатында эпидемиологиялық жағдайға байланысты қаладағы 205 жалпы білім беретін мектепте оқу жылы қашықтықтан басталды.

Көлсай мен Сұлусай ықшамаудандарында орналасқан №194 және №197 мектептерде, сондай-ақ 35 жекеменшік мектепте адам санының аз болуына байланысты оқыту тұрақты режимде жүргізілуде.

Алматы қаласының бас санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес 1-ден 5-ші сыныптарға дейін 15 баладан аспайтын кезекші сыныптарды ашуға рұқсат етілді.

Бүгінгі таңда 1-5 сыныптар үшін:

• 150 мемлекеттік мектепте 17 753 бала контингентімен 1235 кезекші сынып бар;

• қаладағы 34 жекеменшік мектепте 7020 (68,7%) бала контингентімен 560 кезекші сынып бар.

Ләззат Жылқыбаева атап өткендей, созылмалы аурулары жоқ балалар кезекші сыныпта оқуға жіберіледі (өтініште көрсетіледі). Балалардың кезекші сыныптарда оқуын таңдау құқығы балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне тиесілі.

Кезекші сыныптардың қызметі санитарлық эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып жүзеге асырылады.

Қаланың барлық мектептері 100% санитарлық қауіпсіздіктің дезинфекциялау құралдарымен (тоннельдер, санитайзерлер, тепловизорлар, аяқ киім төсеніштері және т.б.) қамтамасыз етілген.

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес, Білім басқармасы санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтай отырып, 9-шы және 11-ші сыныптардың түлектері үшін оқу жылының 3-тоқсанынан бастап (пәндердің 70%-і оффлайн режимінде және 30%-і онлайн режимінде) оқушылар санын 15-тен асырмай аралас оқытуды қамтамасыз ету бойынша дайындық жұмыстарын жүргізді.

2020 жылғы 30 желтоқсанда және үстіміздегі жылдың 6 қаңтарында 9 және 11 сыныптарда аралас оқытуға көшу туралы мектеп директорларымен ұйымдастырушылық жиналыстар өткізілді.

Орта білім беру ұйымдарының алдын-ала мәліметтері бойынша, бүгінгі күні 184 мектепте:

• 16 314 (72%) бала контингентімен 1205 — 9 сынып;

• 8843 (80%) баланы қамтыған 698 — 11 сынып;

• арнайы түзету мектеп-интернаттарында 9 (10) сыныптар: 179 оқушыны қамтитын 15 адамнан 20 сынып ашылады.

«9, 11 (12) сынып оқушыларының аралас оқыту форматына ауысуы бітіруші сыныптарды қорытынды аттестаттауға дайындаумен, ұлттық бірыңғай тестілеу және жоғары оқу орындары мен колледждерге түсу емтихандарын тапсырумен байланысты», — деді Л. Жылқыбаева.

Оқытуды ұйымдастыру келесідей түрде жүзеге асырылады: Үлгілік оқу жоспарының 70% пәндері санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес тұрақты форматта оқытылады, ал оқу пәндерінің 30% қашықтықтан оқытылады.

Аралас форматтағы оқытуды ұйымдастырған кезде келесі шараларды сақтау қажет:

1) сыныптағы оқушылардың саны санитарлық ереже мен норма стандарттарына сәйкес келуі;

2) басталу және аяқталу уақытын көрсете отырып, сабақтардың икемді кестесін құру;

3) әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету үшін ауысымдар мен қосалқы ауысымдарды арттыру, физикалық байланысты азайту;

4) кабинет жүйесін алып тастау, ауысымда бір сынып-бір кабинет;

5) әр сыныпта әр түрлі уақытта сабақ арасындағы үзілістерді ұйымдастыру;

6) кіші блокпен байланысты болдырмау;

7) кіреберісте медициналық қызметкердің оқушылар мен оқытушылардың күнделікті температурасын өлшеу;

8) барлық бөлмелер мен кабинеттерді желдету, кварцілеу;

9) қолды жуу және арнайы құралдарды пайдалану;

10) әр екінші сабақтан кейін сыныптарды ылғалды тазарту;

11) дəліздерді, демалыс аймақтарын, залдарды жəне басқа бөлмелерді ауысым арасындағы ылғалды тазалау;

12) дене шынықтыру сабағын таза ауада өткізу немесе спорт залдарын үнемі желдету;

13) мұғалімдердің сыныптардағы қозғалысына, мұғалімдер бөлмесіне баруға, сыныптан тыс жұмыстар мен ата-аналар жиналысын өткізуге тыйым салу;

14) барлық жедел кеңестерді қашықтықтан өткізу;

15) мектепті заттардың бетін, кабинет, рекреация, холл және басқа бөлмелерді өңдеуге арналған дезинфекциялық құралдарының жеткілікті мөлшерімен қамтамасыз ету;

16) мектептің кіреберісінде аяқ киімге арналған дезинфекциялық төсеніштердің болуы, барлық қабаттарда қолды тазарту үшін санитайзерлердің болуы;

17) қолды жуғыш заттармен жууға жағдай жасау, сапалы сумен жабдықтау.

Сабақ өткізу кезінде:

1) балалардың эмоционалды көңіл-күйіне, психологтардың ата-аналармен және оқушылармен жеке консультациясын күшейтуге көңіл бөлінеді;

2) оқушылардың физикалық шамадан тыс жүктелуіне жол берілмейді, сабақ барысында физминуттар өткізіледі.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.