• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ішкі істер министрінің орынбасары Алматы тауларындағы қауіпті учаскелерді аралады

Алматыға жұмыс сапары аясында ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин Ақсай, Қарғалы, Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерін әуеден бақылауға қатысты.

Ұшу шараларына Алматы қаласы ТЖД, «Қазселденқорғау» ММ және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Ұшу кезінде су тасқыны қаупі бағаланып, биік таудағы морендік көлдер мен мұздықтардың жағдайы, қар көшкіні қаупі бар учаскелер тексерілді. Қаскелең өзені бассейнінен Талғар өзеніне дейін Іле Алатау жотасының орталық бөлігіндегі қардың қоры анықталды.

Жалпы, таудағы қар жамылғысының биіктігі 85 см, қардың қоры қалыпты деңгейде. Таулы жерлерде қар мамыр айына дейін ерімей жатады. Морендік көлдер қысқы режимде, мұз бен қар басқан. Дегенмен, өздігінен жүретін көшкіндердің іздері бар, сондықтан көшкін қаупі сақталады.

Сонымен қатар, Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы су тасқыны жағдайы және қаладағы су тасқынына қарсы іс-қимылдардың барысы туралы баяндады.

Соңғы 2 жылда су тасқынына қарсы күрес шаралары нәтижесінде 97 км арық жүйелері қайта жаңартылып, 32 км өзен арнасы тұрақталды, бұл су тасқыны қаупі бар учаскелердің санын 67-ден 12-ге дейін азайтуға мүмкіндік берді.

қату тереңдігі 18 см-ден асады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5 есе аз, сондықтан судың топыраққа сіңуі тиімді болады. Орта және төменгі таулы аймақтарда жауын-шашын күтілетіндіктен, көлбеу ағындар жүріп, өзендер ағынының өзгеруіне әкеліп соғуы мүмкін. Су тасқыны маусымына қажетті күштер мен құралдар дайын тұр.

Ұшу шаралары аяқталғаннан кейін ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Алматыдағы су тасқыны қауіпсіздігі бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды оң бағалап, тиісті тапсырмалар берді.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.