• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Қадамдық қолжетімділікте медициналық қызмет көрсету үшін 39 медициналық ұйым салынады - қала әкімі Бақытжан Сағынтаев

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев есептік кездесуде тұрғындардың денсаулық сақтау ұйымдарының қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін қолға алынып жатқан шаралар туралы сұрақтарына жауап берді.

«Медициналық қызметтер қадамдық қолжетімділікте болу керек. Бұл әр ықшамауданда 300-500 адамды қабылдайтын емхана болуы тиіс дегенді білдірмейді. Бұл мүмкін емес. Десе де, негізгі медициналық қызметтер халыққа жақын жерде көрсетілуі тиіс», - деді қала әкімі.

Мұндай жергілікті медициналық ұйымдарды тұрғын үйлердің бірінші қабатына орналастыруға болады.

Қала әкімі 2021 жылға дейін осындай 39 медициналық пунктің құрылысы жоспарланғанын хабарлады. Мұнда тұрғындар медициналық қызметтер ала алады. Жалпы тәжірибелік дәрігерлер жұмыс істейтін болады. Қажетті медициналық жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Қажет болған жағдайда тұрғындар қалалық емханалардағы тар ауқымды мамандарға жіберілетін болады.

Айта кету керек, халықтың ресми саны 1,8 млн-нан астам адам болса, қала емханаларына бұдан 110 мыңға артық пациент тіркелген.

Медициналық көмектің қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылы 11 медициналық ұйым ашылды. Оның біреуі Түрксіб ауданындағы «Алтай» ықшамауданында салынды.

Сондай-ақ 2 денсаулық сақтау нысаны – №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасы жанындағы консультативтік-диагностикалық орталық және радиологиялық корпус салынып, пайдалануға берілді. Өткен жылы 38 жедел жәрдем көлігі, 98 медицина құрылғы сатып алынды.

Медициналық қызмет сапасын арттыру мақсатында қаланың барлық медициналық мекемелерінің аудиті жүргізілді. Медициналық ұйымдарда 30 мыңнан астам медициналық құрал-жабдық бар. Оның 10,9 мыңы тозған. Осыған байланысты әрбір медициналық ұйым мен ауданда медициналық жабдықтарды жаңарту бойынша үш жылдық жоспар дайындалды. Мысалы, биыл 78 жедел жәрдем көлігін сатып алу жоспарланған.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.