• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев: алдағы екі жылда 13 мың орындық 8 мектеп салынады

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың мегаполис тұрғындарымен есептік кездесуінде мектептегі орын тапшылығы мәселесі, әсіресе бұл Алатау ауданындағы «Рахат» ықшамауданына қатысты екені айтылды. Әкімнің айтуынша, оқу жылы басталғанға дейін 2021 жылы МЖӘ аясында 12 900 орындық 8 мектеп салу жоспарлануда. Бұл 8 мектептің біреуі «Рахат» ықшамауданында ашылады. 2020 жылдың өзінде оқу жылының басына қарай 1800 орындық 2 мектеп, қолданыстағы мектептерге 2017 орындық 5 қосымша құрылыс салынатын болады.

Сонымен қатар Б. Сағынтаев халық саны өседі деген есеппен әдейі үлкен мектеп салынатынын атап өтті.

Жалпы, Алматы – туу және көші-қон есебінен халықтың өсу қарқыны жоғары ірі мегаполис екенін атап өткен жөн. Орта есеппен алғанда оқушылар саны жылына 12 мың балаға артып келеді.

2019 жылы 13 білім беру нысаны және 3 174 орынға арналған 162 жеке меншік мектеп пайдалануға берілді. 2020 жылы 27 білім беру нысанының құрылысы жалғасуда.

Сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру арқылы жеке бизнес те белсенді түрде атсалысуда. 2020-2022 жылдары жеке инвестициялар есебінен 2 240 орындық 4 мектеп, 8000 орындық 300 балабақша ашу жоспарлануда.

Осылайша бұл шаралар екі ауысымда білім беретін мектептердегі тапшылықты 30 мың орынға дейін, сондай-ақ балабақша кезегін 10 мың орынға азайтуға мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласы әкімінің есеп беру кездесуінде рекордты 3,2 мың адам жиналды.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.