• eng
  • қаз
  • рус

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев: алматылықтар газға қосылу үшін пайызсыз несие ала алады

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполис тұрғындарымен есептік кездесуде газдандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабарлады, сондай-ақ бірқатар аудандарда тұрғын үйлерді газбен қамтамасыз ету туралы тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

Әкім тұрғындармен, әсіресе Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесу кезінде желілердің жоқтығы айтылғанын атап өтті. Алатау ауданы бойынша магистральды желілер жоқтығы айтылды, магистральды желілер аяқталса бұру желілері жоқ, осылайша қосылу мүмкіндігі жоқ.

Газдандыру мәселесі экология мен таза ауа үшін маңызды. Сондықтан қалада бұл бағыттағы жұмыс күшейтіледі.

Қала әкімінің айтуынша, 2019 жылдың екінші жартыжылдығында 3 000-нан астам жеке тұрғын үй газдандырылды.

Ерекше мәселе – Алматы аудандарында халықтың әлеуметтік осал топтарын газ желілеріне қосу. Алатау және Наурызбай аудандарында 210 үйдің 62-сін қосу қалды. Екі ауданда да мердігер компаниялармен келісімшарттар жасалды. Жұмыстарды аяқтау 2020 жылғы 1 сәуірге жоспарланған.

Сонымен қатар, әкімдік газбен жылыту үшін Алматы тұрғындарына 0% мөлшерлемен газға және үйішілік жабдықтарға қосылуға несие беру мүмкіндігі туралы Халық банкімен келісімге қол жеткізді. Қазіргі уақытта несие беру мерзімі қарастырылуда.

Сондай-ақ Халық банктың газбен жылыту үшін аз қамтылған азаматтарды газға және үйішілік жабдықтарға қосылу бойынша өтеусіз негізде субсидиялауы мәселесі пысықталуда.

Б. Сағынтаев пайызсыз несие адамдарға газға қосылуға қаражат алуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Жыл ішінде пайызсыз несиені ресімдеуге болады.

Жалпы қала бойынша жеке сектордағы 2 912 үй газдандырылмаған күйде қалып отыр, оның ішінде 1 791 үйге желі тартылған, 1 121 үйге желі жүргізілмеген. Жеткізушілермен бірге қалған 1 121 үйге сыртқы желілерді жүргізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Наурызбай ауданы тұрғындарының сұрағына жауап бере отырып, қала әкімі Б. Сағынтаев нақты тапсырмалар берді. Атап айтқанда, Наурызбай ауданының әкіміне есептік кездесу қорытындысы бойынша ауданды, әсіресе Шұғыла ықшамауданын аралап шығу тапсырылды.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.