• eng
  • қаз
  • рус

Карантин шараларын сақтау мониторингі: Алматыда жұмыс режимі бұзылған 49 нысан анықталды

Алматыда қала аумағында карантин режимінің сақталуын бақылау жалғасуда. Қалада құрамында аудандық әкімдіктердің, жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері, «Атамекен» ҰКП өкілдері және Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау аудандық басқармаларының мамандарынан құралған 26 мониторингтік топ жұмыс істейді.

Ағымдағы жылғы 17-18 қазан аралығында 206 мониторингтік іс-шара өткізілді, оның барысында жұмыс режимі бұзылған 49 нысан анықталды, анықталған бұзушылықтар бойынша мамандармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 44 жеке тұлға карантин шараларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Осылайша, Алмалы ауданының мониторингтік тобы 80 адамды тарта отырып, «Нұр-Эль» мейрамханасында салтанатты, отбасылық іс-шараның өткізілуін анықтап, жолын кесті. Жиынға келген қонақтарға Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулы нормалары жеткізілді, содан кейін қонақтар мекемеден кетті. Сондай-ақ, қызметіне уақытша тыйым салынған нысандар анықталды: компьютерлік клуб, лото клубы, «Место встречи» бильярд орны.

Мониторингтік топ Әуезов ауданында «Диадема» мейрамханасында 100 адамға арналған той, «Амал» дәмханасында 40 адамға арналған жиын, «Керемет» мейрамханасында 60 адамға арналған той өткізіліп жатқанын анықтап, жолын кесті. Оқиға орнында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 425-бабы бойынша хаттамалар толтырылды. Сонымен қатар, уақытша тыйым салынған мекеме — «Ухо и медведь» караоке нысаны анықталды, сонымен бірге онда адамдардың жаппай жиналуы тіркелді.

Алатау ауданында тәртіп бұзушылықтар келесі нысандарда анықталды: ТЖО, «Clesar Algabas» моншасы, «Бағдат» дүкені, «Хан» дәмханасы және т. б.

Бостандық ауданында «Ритц Карлтон»қонақ үйінің жанындағы мейрамханада салтанатты іс-шара 45 адамға арналған той анықталды.

Түрксіб ауданындағы мониторингтік топ қызметіне уақытша тыйым салынған нысан — «Атлантис» бильярд клубын анықтады.

Алматы әкімдігі қала тұрғындарына өзінің және өзгелердің денсаулықтарына қауіп төндірмеуге-жаппай орындарға бармауға және барлық санитарлық-эпидемиялық талаптарды: маска режимі, әлеуметтік қашықтық және т. б.қатаң сақтауға шақырады.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.