• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Карантин талаптарын қайта бұзғаны үшін нысанның қызметін сот тәртібімен тоқтата тұру мәселесі қойылатын болады — Бекшин

Бұл туралы Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Алматы қаласы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда карантиндік шараларды сақтау үшін 26 мониторингтік топ жұмыс істейді, олардың құрамында аудандық әкімдіктердің, жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері, «Атамекен» ҰКП өкілдері және тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жөніндегі аудандық басқармалардың мамандары бар.

Ж.Бекшиннің айтуынша, ағымдағы жылғы 8-18 қазан аралығында мониторингтік топтар кәсіпкерлік субъектілерін тексеру бойынша 1518 іс-шара өткізді, бұл қоғамдық тамақтану, сауда, қызмет көрсету нысандары. Тексеру қорытындысы бойынша 363 нысанда бұзушылықтар анықталды, маска режимін бұзғаны үшін 79 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Коронавирус инфекциясы бойынша тұрақсыз жағдайға қарамастан, 50-ден 100-ге дейін адам көп жиналатын салтанатты іс-шаралар жалғасуда. 14 қоғамдық тамақтану нысаны анықталды, онда әкімшілікпен және іс-шараларды ұйымдастырушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді, содан кейін келушілер ол мекемелерден кетті. Аталған қоғамдық тамақтану нысандары бойынша әкімшілік шаралар қабылданатын болады. Қайталанған жағдайда аталған нысандардың қызметін сот тәртібімен тоқтату туралы мәселе қойылатын болады», — деп атап өткен қаланың бас санитар дәрігері тұрғындарды барлық сақтық шараларын сақтауға шақырды.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.