• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Карантин талаптарын сақтау туралы

Халқымызда «Ауыр жол батаңды сынайды, ауыр іс адамды сынайды» деген нақыл сөз бар. Бұл сынақ жасқа да, жасамысқа да ауыр тиюде. Қазір карантин уақыты, адамдар әртүрлі ойларға салынып, кейбіреуі ауырып, емделіп жатыр. Қазіргі таңда біз барынша сабыр етіп, бірге болып, бір-бірімізге қолдау жасап, сынақтан аман-есен өтуді Алладан сұрасақ, қабыл етеді.

Елбасы «ел болып бірігіп, Алла қаласы бұл сынақты міндетті түрде жеңеміз» деп айтты. Мемлекет басшысы да талай жиын өткізіп, осы мәселе аясында көп шешімдер қабылдап жатыр. Барлығымыз бірігіп, бұл сынақты да артта қалдырамыз. Тек қазір карантин талаптарын қатаң сақтап, бір-бірімізді құрмет қылу, өміріміз бен денсаулығымызды сыйлау қазір маңызды.

Қазақта той бару, тойда тілек айту, адам өмірден кеткенде топырақ салу деген дәстүр бар. Алайда қазір дәстүрге түсіністікпен қарап, одан да маңызды адам өмірі екеніне көңіл бөліп, адамның амандығына үлес қоссақ. Қазіргі таңда той-жиындарды тоқтатты. Адамның өмірі болғаннан кейін, өлім болады. Ондай жағдайда туыстарымен атқарып, дұғада, тілекте болсақ. Қазір бата беруді бармай-ақ, қашықтан беретін мүмкіндік бар. Сондықтан талаптарды сақтайық.

03.07.2020 ж.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.