• eng
  • қаз
  • рус

Қазақстанда арзан темір жол билеттерін қайтару кезінде ұсталатын айыппұл алынып тасталады

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жол жүру билетін қайтарғаны үшін ұсталатын айыппұлды алып тастайды.

«Билеттердің санаттарын құнына қарай саралау мақсатында осы жылдың 15 қаңтарынан бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ жол жүру билетін қайтарғаны үшін жолаушыға 1 000 теңге көлемінде айыппұл салу тәртібінің күшін жояды. Айыппұл тек номиналдық құны 3 500 теңгеге дейінгі билеттер үшін ғана жойылады. Бұл шара жолаушылар тарапынан түскен өтініштерді өңдеу және талдау нәтижесінде қабылданып отыр», - деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі (№545) бұйрығымен бекітілген «ҚР темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүк багажын тасымалдау қағидаларының» №255 тармағына сәйкес құны 3 500 теңгеден асатын билетті қайтару кезінде 1 000 теңге мөлшерінде комиссиялық төлем алынады.

«Бұл шара билеттерді заңсыз қайта сатумен күрес мақсатында қабылданды, ал жол жүру билеттерін қайтару деңгейі 30%-ға қысқарды. «Жолаушылар тасымалы» АҚ қызмет көрсетуді жақсарту және жолаушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында аталған бағыттар бойынша жұмысты жалғастырады», - делінген хабарламада.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.