• eng
  • қаз
  • рус

ҚХР медицина мамандары Алматыдағы әріптестерімен кездесті

Өткен аптада Қазақстанға коронавирус инфекциясымен күресуде біздің дәрігерлерге консультациялық көмек көрсету үшін келген ҚХР медицина мамандары Алматыдағы әріптестерімен кездесті

Делегация құрамында ҚХР-дан келген 10 пульмонология, эпидемиология саласындағы жетекші мамандар, қоғамдық денсаулық сақтау сарапшылары бар. Дәрігерлер Нұр-Сұлтан және Қарағанды қалаларындағы әріптестерімен өткен кездесудегідей, Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдерімен, С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ профессор-оқытушылар құрамымен онлайн форматта кеңес өткізді.

Еліміз бойынша ең көп коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдар Алматыда анықталған — 535 адам. Мегаполисте инфекция анықталған алғашқы жағдайдан бастап 85 адам сауығып шыққан.

ҚХР дәрігерлері Алматы дәрігерлерінің COVID-19-ға қарсы күресте қабылдап жатқан шараларын жоғары бағалады және диагностика, емдеу және ұйымдастыру тұрғысынан жұмыстың қай тұсын күшейту қажет екені туралы ұсыныстарын айтты.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.