• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Қоғамдық кеңес мүшелері Open Almaty жұмысымен танысты

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы Қоғамдық кеңес мүшелері Open Almaty жұмысымен танысты.

Алматы қаласын дамыту орталығы басқармасының төрайымы Жанна Төлегенова мемлекеттік тізіліммен қамтылмаған қызметтер бойынша алгоритмдерді әзірлеу саласында атқарылып жатқан шаралар туралы айтып берді. «Басқаша айтқанда, біз қарапайым қала тұрғындары, кәсіпкерлер немесе қала қонақтары ресми тізілімге кірмей қалған қызметтерді қалай ала алатынын егжей-тегжейлі жазып көрсетеміз. Бір жыл ішінде, мысалы нормативтік актілерге сүйене отырыпбаланы бір мектептен екіншісіне ауыстыру немесе көп балалы отбасынан шыққан бала үшін жазғы лагерьге жолдама алу, жүргізуші куәлігін жоғалтқан кезде не істеу керек, жобалау жұмыстарын жүзеге асыруға лицензия алу немесе паспортты жоғалтқан кезде шетелдікке не істеу керек деген сияқты 700-ден астам өмірлік жағдай жиналып, шешу жолдары ұсынылды. Жалпы, бұл халық үшін жергілікті билік органдарының қызмет көрсетуін жеңілдетуге және сапасын жақсартуға мүмкіндік береді», - деп түйіндеді Ж. Төлегенова.

Сондай-ақ қонақтар Алматы қаласы әкімдігінің Open Almaty қоғамдық қабылдауы фронт-кеңсесін аралады, онда «бір терезе» қағидаты бойынша тұрғындарды аудан әкімдіктерінің, Тұрғын үй, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, Сәулет және қала құрылысы, Табиғи ресурстар, Полиция, Мемлекеттік кірістер, Төтенше жағдайлар департаменттері, прокуратура, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, ХҚКО және т. б. өкілдері қабылдайды.

Қоғамдық кеңес мүшелері Ахуалдық орталықтың жұмысына қызығушылық танытты, сонымен қатар азаматтардың Open Almaty-ғакеліп түскен өтініштерін ескере отырып, «Мемлекеттік қызметтер туралы» заңға енгізілетін өзгерістер бойынша ұсыныс әзірлеуді сұрады. 

Толығырақ http://www.almatydc.kz/kz/novosti/29-novosti/305-obshhestvennyj_sovet_v_situacionnom_centre

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.