• eng
  • қаз
  • рус

Көктемгі мерекелер карсаңында қосымша пойыздар жолға шығады

Алдағы көктем мерекелері қарсаңында «Жолаушылар тасымалы» АҚ қосымша біржолғы пойыздарды іске қосады:

  • №202/201 Астана-1 – Павлодар, Астана-1-ден 20, 24 наурыз күндері жөнелтіледі, ал Павлодардан 21, 25 наурыз күндері кері шығады;
  • №204/203 Астана-1 – Алматы-1, Астана-1-ден 20, 24 наурыз күндері, ал Алматы-1-ден 21, 25 наурыз күндері;
  • №205/206 Алматы-2 – Арыс-1, Алматы-2-ден 7, 21 наурыз күндері, ал Арыс-1-ден 9, 23 наурыз күндері;
  • №241/242 Қызылорда – Атырау, Қызылордадан 20, 22, 24 наурыз күндері, ал Атыраудан 21, 23, 25 күндері кері бағытта жүреді.

Сонымен қатар №49/50 Алматы-2 – Орал бағытындағы пойыздың қосымша құрамы Алматы-2-ден 13 наурыз күні шықса, Орал қаласынан 16 наурыз күні кері сапарға шығады.

Компания әр уақытта пойыздардың жолаушылармен толуын қадағалап, арнайы сараптама жүргізіп отырады. Осы сараптаманың негізінде жолаушылар тарапынан сұранысты қанағаттандыру үшін қосымша вагондар мен пойыздар іске қосылады.

Осыған байланысты алдағы мерекелер қарсаңында Ұлттық тасымалдаушы вагон паркін 100 пайыз пайдалануды көздеп отыр.

Ақпарат көзі: «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.