• eng
  • қаз
  • рус

Көшелер мен аулаларды жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес қалалық полиция департаменті криминогендік жерлердің картасын әзірледі.

Соның ішінде мүлдем жарықсыз қалған жерлер де бар. ПД-нің мәліметінше аса қауіпті 148 криминогендік учаске анықталған. Бұған 83 көше мен 65 аулада жарық жүйесінің болмауы себеп. 2019 жылдың соңына дейін 83 көшенің 22-сіне жарық орнатылады. Қалған 61 мекенжай бойынша іске асыру мерзімі 2021 жылға дейін деп көрсетілген ЖСҚ әзірлеуге өтінім берілді.

Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы аула аумақтарын жарықтандыру бойынша жұмысты бастап кетті. Жоспар бойынша 62 аулаға жарық жүйесі орнатылады.

23 тамыздағы жағдай бойынша Түрксіб ауданының 5 ауласында жарық орнату жұмыстары аяқталды. Атап айтқанда, Сейфуллин даңғылы, 74, 57; Жұмабаев көшесі, 27; Физкультурная көшесі, 17; Орджоникидзе көшесі, 136.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.