Қазақстандықтар құқықтық мәселелер бойынша тәулік бойы кеңес ала алады. Тиісті ақпарат Әділет министрлігінің сайтында жарияланды.
«2019 жылғы 3 қаңтардан бастап құқықтық ақпараттық қызмет тәулік бойы үзіліссіз және демалыссыз жұмыс істейді», - делінген хабарламада.
Қазақстан бойынша 119 нөміріне, Астана және Алматы қалаларынан 58-00-58 нөміріне қоңырау шалуларыңызға болады.