• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Күннің қатты ысуына байланысты ескерту жарияланды

Алматы қаласының ТЖ Департаменті «Қазгидромет» РМК 2020 жылғы 05 тамыздағы ОЯ №1 дауылды ескертуінің негізінде хабарлайды: Алматы қаласында 6-8 тамызда  күндіз 35 градус қатты ыстық болады деп күтілуде. Дауылдың ықтималдығы 90-95% құрайды.

Осыған байланысты, ТЖ Департаменті төмендегі қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:

  • Күн сәулесі тікелей түсетін жерлерде мүмкіндігінше аз болуға тырысыңыз. Есіңізде болсын, сағат 12: 00-ден 16: 00-ге дейінгі уақытта күннің сәулесі белсенді болады. Денені күн сәулесінен қорғап, жабық киім киюге тырысыңыз және  күннен қорғайтын сықпа майлар қолданыңыз;
  • Алкогольді ішімдік ішпеңіз – алкоголь ыстықта  ағзаға тез әсер етеді және дене жоғары температураға сезімтал болады;
  • Сұйықтықты (салқындатылған су, минералды су) мүмкіндігінше көп ішуге тырысыңыз;
  • Денеге салмақ түсірмеңіз. Күшті жүктеме ыстықта жылу алмасуды арттырады да ағзаны сусыздануға әкеліп соқтырады;
  • Авто көліктермен ұзақ сапарларды шектеуіңіз керек, егер бұл мүмкін болмаса, жолда мүмкіндігінше абай болыңыз, себебі, қатты ыстықтан көңіл күй төмендеп адам өзін өзі нашар сезінуі мүмкін және реакция төмендейді.
  • Балаларды авто көліктердің ішіне аз уақытқа болса да қалдырмаңыз. Қатты ыстықтан бала есінен танып қалуы мүмкін.

Егер сіз төтенше жағдайға тап болсаңыз және сіздің өміріңізге қауіп төнгендей жағдай болса, «112», «101» бірыңғай құтқару қызметіне қоңырау шалыңыз (қоңырау шалу тегін).

Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыздар!

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.