• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Алматы қаласында 2018 жылғы 14 ақпаннан 15 ақпанға қараған түні жаңбыр жауып, арты қарға айналады, қар көп түсіп, оның артынан көк тайғақ болады деп күтілуде.

Жолдың көлік жүретін бөлігінде мұз қатып, тайғанақ болуы мүмкін сондықтан жол апаты жағдайлары орын алуы қаупі жоғары болуына байланысты автокөлік жүргізушілеріне жеке көліктерін пайдаланудан бас тартып, қоғамдық көлікпен жүруді ұсынамыз.

Жеке көлікпен жүруге қажеттілік артқан жағдайда, көлік жүргізушілерін жылдамдықты азайтып, автомобильдер арасындағы қашықтықты сақтауға және асықпай жүруге шақырамыз.

Адамдар жаяу жүргіншілер жолымен жүруі кезінде сақ болуды, көп қабатты үйлердің шатырынан қар, мұз құлауы мүмкін болғандықтан, жаяу жүргіншілерді биік үйлерге жақын жүрмеулерін сұраймыз.

Сондай-ақ, автокөлік құралдары кедергісіз қозғалуын қамтамасыз ету мақсатында күндізгі уақытта және 15 ақпаннан 16 ақпанға  қараған түні жолдардан жиналған  қарды шығару жұмыстары жүргізіледі.

Осыған байланысты, Алматы қаласының әкімдігі автокөлік иелерін қар тазалау жұмыстарын жүргізуге түсінікпен қарауды және жол жиектеріне қойылған автокөлік құралдарын, әсіресе түнгі уақыттарда, алып тастауды сұрайды.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.