• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Медеу табиғи паркінде 100-ден аса ағаш көшеті отырғызылды

19 сәуірде Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасының «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінде жыл сайынғы «Саябақтар шеруі» табиғатты қорғау іс-шарасы өткізілді. Іс-шараға жоғары оқу орындарының студенттері қатысып, терек, үйеңкі, қарағай және қайың ағаштарының 100-ден аса көшетін отырғызды.

«Саябақтар шеруі» - бұл ұлттық қорықтар мен саябақтарды қолдауға бағытталған халықаралық табиғатты қорғау іс-шарасы, ол жыл сайын өткізіліп тұрады және қоғамдық сипатқа ие, сонымен қатар, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, қорықтарды, мемлекеттік өңірлік және ұлттық саябақтарды қолдау идеясы төңірегінде табиғатты сүйетін адамдардың барлығын біріктіреді.

Іс-шараның мақсаты - Алматының бірегей өсімдіктер әлемінің байлығына, ерекше қорғалатын табиғи аумақ болып есептелетін «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғи паркіне тұрғындардың, қонақтардың және жастардың назарын аударту, сондай-ақ біздің табиғи және өскелең ұрпақта мәдени байлығымызға деген мақтаныш, оны аялай білу сезімін тәрбиелеу.

Іс-шараны өткізу барысында Алматы қаласы ТЖД «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметінің» сарбаздары «Медеу» МӨТП қызметкерлерімен бірлесіп өртке қарсы оқу-жаттығу өткізді. Таулы жерде шыққан өртті сөндірудің үлгісін көрсетті. Барлық қатысушыларға тауда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды еске салды.

Іс-шара мерекелік концертпен аяқталды. Еске салсақ, «Jasyl Mеkеn» жалпықалалық іс-шарасы шеңберінде 13 сәуір күні 7 мыңдай ағаш отырғызылған болатын, ал сәуір айының басында Желтоқсан көшесінен Ходжанов көшесіне дейін әл-Фараби даңғылының бойындағы бөлу жолағында 800-дей ағаш отырғызылды. Жалпы Алматы қаласы әкімдігі бастаған «Jasyl Mеkеn» жалпықалалық акциясының шеңберінде көктемнің соңына дейін қаланың барлық аудандарында 12 мыңнан астам ағаш егу жоспарланған.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.