• eng
  • қаз
  • рус

«Медеуде» коньки тебуді тегін үйретеді

«Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында әр сенбі сайын қала тұрғындары мен қонақтарына коньки тебуді тегін үйренуге керемет мүмкіндік жасалып отыр. «Медеу» мұз айдынында коньки тебуді тегін үйрету курстары басталды, деп хабарлайды ақпараттық-спорттық ХАБ.

Арнайы көк киім киген 20-ға жуық нұсқаушы өз білгендерін үйретіп, көмек беруге дайын. Үйрету сабақтары әр сенбі сайын сағат 19:00-ден 21:00-ге дейін жалғасады.

Мұз айдынына кіру ақылы. Кіру билеті мен конькиді жалға алу бағалары «Медеу» мұз айдынының баға көрсеткіші бойынша жүргізіледі.

Шараны ұйымдастырушылар тек коньки тебуді үйретіп қана қоймай, қонақтарға көңілді бағдарламалар ұсынады, бағалы сыйлықтар ойнатылады.

Коньки тебуді тегін үйрету бағдарламасы осы жылдың соңына дейін жалғасады. Оның мақсаты халық арасында саламатты өмір салтын насихаттау.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.