• eng
  • қаз
  • рус

Медеудегі «Денсаулық баспалдағы» жөнделеді

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек қысқа мерзімде Медеудегі «Денсаулық баспалдағын» жөндеуді тапсырды.

«40 жыл бойы ол алматылықтар мен туристер арасында үлкен танымалдылыққа ие болып келеді. Мұнда отбасымен келеді, жаңа дос тауып, араласады. Өкінішке қарай бүгінде баспалдақ басқыштары орнынан жылжып кеткенін, тіреуіштер құлап, ыңғайсыздық тудырғанын көріп отырмыз», - деп жазды әкім Instagram-дағы парақшасында.

Қала басшысының айтуынша, жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуы тиіс. Бұл ретте баспалдақтың бастапқы қалпы барынша сақталады.

«Алматылықтардың көптеген өтініші бойынша, баспалдақ салынған тастарды ауыстырмай, қайта салу жоспарлануда. Энергия үнемдейтін технологияларды қолдану арқылы жарықтандыру жүйесі жаңартылады, бейнебақылау орнатылады. Жаңа орындықтар, тұтқалар, шағын сәулет нысандары және т.б. пайда болады», - деді Бауыржан Байбек.

Бұған қоса баспалдақ алдындағы аумақты абаттандыру бойынша жоба әзірленіп, байқау алаңы құрылады. Екі күннің ішінде сорайып тұрған арматура бұзылады, қисайған тіреуіштер түзетіледі, учаскені санитарлық тазалау жұмыстары жүргізіледі.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.