• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Медициналық қызметтердің сапасы артады

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаев «Думан» ықшамауданының тұрғындарымен өткен кездесуде мәлімдеді. Жиында Медеу ауданының әкімі Сұлтанбек Мәкежанов атқарылған жұмыстар жайында есеп берді.

Шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев аудан әкімдерінің есептік кездесулеріне ішінара қатысып келеді. Әрқайсысы 5 кездесу өткізуі тиіс.

Жиында Сұлтанбек Алмасбекұлы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен инфрақұрылымдық мәселелердің шешілуі туралы баяндады. Өткен жылы 19 көшенің жалпы ұзындығы 33 шақырым болатын сыртқы жарықтандыру желісінің құрылысы аяқталды. 1084 жарық нүктесі орнатылды. Биыл 279 көшеде мен 27 аулада 6 200 жарық нүктесін орнату жоспарлануда.

Қала әкімінің тапсырмасы бойынша, өткен жылы Керей-Жәнібек хандары көшесіндегі тұйық көше тұрғындарының мәселесі шешілді. Көшкін салдарынан жеке үйлердің құлау қаупі болған еді. Қазіргі уақытта беткейді нығайту жұмыстары аяқталды. Жолға асфальт төселіп, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Осылайша 120 адамның қауіпсіздігі қамтамасыз етілді.

Сондай-ақ бірнеше жылдан бері көктем мен күз кезінде «Терісбұлақ» өзені бойындағы 50-ден астам жеке тұрғын үйді су басатын. Бұл мәселе өзен арнасын тереңдете отырып, қалпына келтіру-нығайту жұмыстарынан кейін шешімін тапты. Бұл 300-ге жуық тұрғынның өміріне қауіп жоқ деген сөз.

Өткен жылы 52 аулаға күрделі жөндеу және 30 аулаға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Биыл тағы 41 аулаға күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету маңызды мәселелердің бірі. Тұрғындардың көптеген өтініші бойынша қала әкімінің тапсырмасына сәйкес «Тау-Самал», «Кеңсай», «Көлсай», «Сұлусай» ықшамаудандарында 4 фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды. Осылайша 12 мыңнан астам тұрғынға медициналық көмектің қадамдық қолжетімділігі қамтамасыз етілді.

Жалпы, қала әкімі Б. Сағынтаев атап өткендей, медициналық мекемелерді жабдықтармен қамтамасыз ету мәселесі өзектілігін жойған емес. Өткен жылы жүргізілген аудит қала емханалары мен ауруханаларының жабдықталуы небәрі 20%-ті құрайтынын көрсетті.

«Сондықтан біз қаланың медициналық мекемелерін жаңарту және қажетті жабдықтармен қамтамасыз етудің үш жылдық жоспарын әзірледік. Осылайша медмекемелердің жабдықталуын 90%-ке жеткізбекпіз. Осы жылға қаражат бөлінді», – деді қала әкімі.

Кездесуді қорытындылай келе, Б. Сағынтаев тұрғындарға ашық әңгіме үшін алғыс білдіріп, мұндай кездесулер әкімдіктегілерге тұрғындардың талап-тілегін жақынырақ білуге мүмкіндік беретінін айтты.

«Шағын учаскелердегі мұндай кездесулер әр ауданда өтуде. Тұрғындардың белсенділігі жергілікті сипаттағы проблемаларды жедел шешуге, сондай-ақ қысқа мерзімді және орта мерзімді даму жоспарларына түзету енгізуге септігін тигізеді», – деп атап өтті шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.