• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Мемлекет есебінен кредиттерді есептен шығару мәселелері бойынша қайда жүгінуге болады

Алматылықтар мемлекет есебінен қарыздар мен микрокредиттер бойынша берешекті өтеу мүмкіндігі туралы кеңесті:

  • Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы (Қонаев көшесі, 122, тел: 261-66-59);
  • «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Алматы қаласы бойынша филиалы (Наурызбай батыр көшесі, 17, тел: 312 11 59);
  • Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті (Достық даңғылы, 134, тел: 393-48-13, 393-48-33);
  • Instagram - @snizhenie_dolgovoi_nagruzki;
  • Facebook - @Всё о снижении долговой нагрузки;
  • 111, +7(7172)74-32-20, +7(7172)75-01-79, +7(7172)75-01-78 нөмірлері бойынша байланыс орталығынан ала алады.

Борыш жүктемесінің төмендеуіне үміткер азаматтар өз мәртебесін келесідей тексере алады:

  • ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша ЖСН енгізіп, сұрау жіберу арқылы;
  • Электрондық үкімет порталының басты бетінде орналасқан «Борыш жүктемесін азайту бағдарламасына қатысу үшін мәртебені тексеру» электрондық сервисінің көмегімен. Ол үшін ЭЦҚ қажет болады;
  • Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну арқылы.
Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.