• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Мемлекеттік кірістер комитетіне мүлік, жер және көлік салығы бойынша сұрақтарды «WhatsApp» арқылы жолдауға болады

«2018 жылдың 19 қарашасынан бастап жеке тұлғалар жер, мүлік және көлік салығы бойынша (есептелуі, төленуі, қарызы және т.б.) көкейтесті және толғандырып жүрген сұрақтарына жедел жауапты «WhatsApp» мессенджері арқылы ала алады. Сұрақтарды 8-776-136-41-32 нөміріне жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін жолдауға болады. Біз жедел әрі толық жауап беруге тырысамыз», - делінген Мемлекеттік кірістер комитеті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Кеңес алуға болатын өзге де жолдар барын еске саламыз:

мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша, сондай-ақ ең өзекті салық және кеден мәселелері бойынша «1414» Бірыңғай байланыс орталығынан;

кедендік заңнама мәселелері бойынша Call-орталықтан қалалық телефоннан «1412», ұялы телефоннан 8-800-080-64-52 нөмірлері бойынша (экономикалық саладағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың жасалу ықтималдығы, не жасауға әрекеттену, мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары тарапынан жемқорлық және өзге де заңсыз іс-қимылдар туралы хабарламалар (шағымдар) қабылданады);

салық және кедендік заңнама мәселелері бойынша аумақтық бөлімшелерден, телефондары kgd.gov.kz ресми сайтында көрсетілген.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.