• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

МӘМС: Алматы жоғары оқу орындарына сақтандырылмаған студенттерді тіркеуге қолдау көрсетіледі

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы Медициналық сақтандыру қорымен бірлесіп, қаланың 39 жоғары оқу орнымен МӘМС (Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) жүйесіндегі студенттерді сақтандыру мәселелері бойынша онлайн-жиын өткізді.

Кеңес барысында тараптар бірқатар мәселелерді талқылады. Талқылаудың басты тақырыбы жүйеде тіркелмеген студенттер болды.

Онлайн-кездесудің қорытындысы бойынша ӘМСҚ Алматы қаласының қоғамдық даму басқармасымен бірлесіп, МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған студенттерді жедел тіркеу үшін қалалық жоғары оқу орындарына жан-жақты қолдау және көмек көрсету туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ, талқылау нәтижесінде әр оқу орнында проректорлар деңгейінде жауапты тұлғаларды тағайындау туралы келісімге қол жеткізілді, олар медициналық сақтандыру жүйесінде студенттердің тіркелуі мен мониторингіне жауап береді.


Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыру жүйесі ресми түрде 2020 жылдың 1-ші қаңтарында енгізілгені белгілі. Ағымдағы жылдың 1-шi сәуіріне дейін барлық қазақстандықтар шартты түрде сақтандырылған болып саналды, сондықтан медициналық сақтандыру қорына аударымдарға қарамастан қызметтер ала алды. Бірінші карантиннің енгізілуімен наурыз айында жеңілдік кезеңі ұзартылды, бірақ ол ағымдағы жылдың 1-ші шілдесінде аяқталды.

Естеріңізге сала кетейік, студенттер мемлекет МӘМС жарналарын төлейтін 15 жеңілдік санатына жатады.

Алдымен сіз өзіңіздің сақтандыру мәртебеңізді Saqtandyrybot Telegram-ботының көмегімен тексере аласыз, онда ЖСН көрсетуіңіз керек.

«Медициналық қызметтерді тұтынушы» мәртебесін алу үшін жеңілдікті санаттарға жататын тұлға, біздің жағдайда студент немесе оның заңды өкілі қорға Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы растайтын құжаттардың түпнұсқасының сканерленген көшірмелерін ұсынады.

Студенттерге қосымшада қалай тіркелуге болады?

1. AppStore немесе PlayMarket-тен Qoldau 24/7 қосымшасын жүктеу қажет.
2. Электрондық мекен-жайын, тегін, атын және байланыс телефонын көрсете отырып, жүйеге тіркеліңіз.
3. Тіркелгеннен және кіргеннен кейін төменгі оң жақ бұрыштағы «бізге жазыңыз» түймесін пайдаланыңыз.

Маңызды! Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын адамдар орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымынан анықтаманы тіркеуі қажет. Хабарлама мәтінінде өзіңіздің ЖСН, сондай-ақ жеңілдік санатына жататындығыңызды көрсетіңіз.

Qoldau 24/7 қосымшасында өтінім берілгеннен кейін Қор «Saqtandyry» АЖ-да, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өзге де ақпараттық жүйелерінде адамдардың жеңілдікті санатқа жататынын белгілеу және оларға «медициналық қызметтерді тұтынушы» мәртебесін беру үшін қамтылған құжаттарды салыстырып тексеруді жүргізеді.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.