• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Мобильді топтардың 5 шілдеден бастап күні бүгінге дейін атқарған жұмысы туралы ақпарат

5 шілдеден бастап күні бүгінге дейін қалада карантиндік және санитарлық-эпидемиологиялық режимді бұзғандарды анықтайтын 43 мобильді топ (олардың құрамына әкімдіктердің, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қызметін бақылау басқармаларының, жергілікті полицияның өкілдері енген) жұмыс істеуде.

Мобильді топтар Президент пен Алматы қаласы әкімінің тапсырмаларын қала тұрғындарының жалпы қолданыстағы аумақтарда қалай орындап жатқанына мониторинг жүргізеді.

Қаланың 8 ауданына тексеру жүргізілген, оның нәтижесі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жалпы саны 897 хаттама (кафетерийлер, сұлулық салондары, авто жуу орындары, ТҚС, азық-түлік дүкендері, наубайханалар, көкөніс дүкендері, қоғамдық моншалар, балабақшалар, процедуралық кабинеттер, мамандандырылған ХҚКО және жеке тұлғалар) толтырылды.

Айта кетерлігі, мобильді топтар карантиндік шараларды, әлеуметтік қашықтық пен маскалық режимді, сонымен қатар жұмыс істеуге рұқсат берілген сауда нысандарының жұмыс кестесі туралы халықты күн сайын хабардар етеді.

Бұдан өзге, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қызметін бақылау департаменті қаланың барлық 8 ауданында «жедел желіні» іске қосты. Осы желі арқылы хабар түскен бойда мобильді топ жедел жетеді және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғамммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.