• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Наурызбай ауданында 900-ге жуық жарық шамы орнатылды

Осыдан бірнеше ай бұрын Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен көшелер мен аулаларды жарықтандыру бойынша ауқымды жұмыстар басталған болатын. Шамамен 4000-ға жуық жарық нүктелері қазан айының соңына дейін орнатылады деп жоспарланған. «Шетсіз қала» бағдарламасы аясында Наурызбай ауданының бірқатар көшелерінде жарықтандыру қарқынды жүріп жатыр.

Ауданға 900-ге жуық жарық шамы орнатылды. Енді келер жылы жалпы қала бойынша жарықтандыру деңгейін жүз пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

«Бүгінде аудан бойынша ұзындығы 20 шақырымнан асатын 24 көшеде жарықтандыру жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар бағдарлама аясында 182 жарық қондырғысы мен 660 жарық бағанасы орнатылды. Біз бұл жұмыстарды келер жылы да жалғастырамыз», - деді Алматы қаласы Наурызбай аудандық көріктендіру бөлімінің бас маманы Оңалбек Қыдырбаев.

Ақпарат көзі: Almaty.tv

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.