• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Оқушылар сарайы реконструкцияланады

Halyk Arena көпфункциялы кешенінде Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тұрғындармен есептік кездесуі өтті.

Алқалы жиында қаланың экономикалық-даму көрсеткіші жайында слайд көрсетіліп, одан кейін қала басшысы тұрғындардың сауалына жауап беруге кірісті.

Наурызбай ауданы тұрғынының Оқушылар үйінің құрылысы туралы сұрағына жауап бере отырып, қала әкімі жоба дайын екенін, осы мақсатқа ауданда жер телімі бөлініп, биыл құрылыс басталатынын атап өтті.

Бақытжан Сағынтаев сондай-ақ қала тұрғындарының тілегі ескеріліп, республикалық Оқушылар сарайы реконструкцияланатынын мәлім етті.

Жөндеу жұмыстарын аяқтау 2020 жылғы қазанға жоспарланған. Жалпы, Алматыда Алатау және Наурызбай аудандарында екі жаңа Оқушылар сарайы салынады.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.