• eng
  • қаз
  • рус

Оңай картасымен қала маңындағы темір жол көлігінде жолақысын төлеуге болады

2019 жылдың 23 қаңтарынан бастап «Тұран Экспресс» компаниясының қала маңындағы жолаушылар теміржол көлігінде Оңай карталарымен жолақысын төлеу мүмкіндігі пайда болды.

«Біз ОҢАЙ! жүйесінің кең мүмкіндіктері туралы бірнеше рет айтқан болатынбыз, ол қолдану аясын тұрақты кеңейтуді ескере отырып әзірленген. ОҢАЙ! жүйесі пайдаланушыларымен кері байланыс арқасында біз қоғамдық көлік саласын ғана емес, сондай-ақ әр түрлі тауарлар мен қызметтерді төлеу мүмкіндігін барынша қолайлы етуге тырысамыз. ОҢАЙ! жүйесі айтарлықтай техникалық қиындықтарсыз кез келген электрондық төлем сервистерімен интеграцияланады», - дейді Алматы қаласы Көлік холдингінің директоры Садыр Хамраев.

Алматы-1 – Ұзынағаш – Алматы-1 бағытында жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын «Тұран Экспресс» компаниясының қала маңындағы теміржол көлігінде жол жүру құны барлық санаттағы азаматтар үшін 80 (сексен) теңгені құрайды, бұл ретте жеңілдікпен жол жүру қолданылмайды.

Айта кетерлігі, бұл қызметті бірыңғай көлік картасы, «Дизайнерлік» картасы, «ОҢАЙ!» брелогы, оқушының көлік картасы, оқушы картасы, «Алматы облысы» оқушы картасы, студенттің көлік картасы, студент картасы, студенттік карта, әлеуметтік көлік картасы, 75 жасқа дейінгі зейнеткерлер пайдаланатын зейнеткердің әлеуметтік картасы, көп балалы ананың әлеуметтік картасымен жүретін жолаушылар пайдалана алады.

Ақпарат көзі: inAlmaty.kz

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.