• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Open Almaty хабарлайды

Алматының Түрксіб ауданында маусым айының бірінші жартысында «Лев Толстой, 6Б», «Мелькомбинат», «№85 мектеп» және «Жас Қанат» қазандықтарында су жылыту жабдықтарын жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты:

  • 1-5 маусым аралығында: Сүйінбай даңғ. – Щелков к-сі, Элеваторская к-сі – Щелков к-сі;
  • 1-12 маусым аралығында: Спартак к-сі – Р. Зорге к-сі, Сауранбаев к-сі – Ақан сері к-сі, Нұрсая к-сі – Қостанай к-сі, Спасск к-сі – Клара Цеткин к-сі;
  • 1-15 маусым аралығында: Коминтерн к-сі – Монтажная к-сі, Майлин к-сі – Баймағамбетов к-сі шеңберінде орналасқан бірқатар тұрғын үй мен өзге де ғимараттарға ыстық су уақытша берілмейді.

Қалалық жылу кешенін алдағы жылыту маусымына дайындау аясында жүргізілетін қазандық жабдықтарын жөндеу жұмыстары күз-қыс кезеңінде жылуды өндіру және тұтынушыларға беру үдерісіндегі тәуекелдерді азайту үшін қажет.

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС өкілдері уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.