• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Орташа жылдамдықты асырғандарды жазалау Алматыда ақпанның алғашқы күндерінен басталмақ

Ал арнайы жолаққа шығып кеткендерге қатысты ұйғарымды «Жолақ» жүйесі 15 қаңтардан рәсімдей бастайды.

Орташа жылдамдықты есептейтін камераларға қатысты сертификаттау шаралары аяқталып қалды. Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаментінің техникалық қызмет басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Kolesa.kz. Осы құрылғылар тіркеген ереже бұзушылық үшін салынған айыппұлдар жүргізушілерге 2019 жылдың ақпан айының басынан келе бастайды. Қазіргі таңда жүріп өткен автокөліктің орташа жылдамдығын есептейтін камералар тестілік режимде жұмыс істеп тұр.

Сонымен қатар «Жолақ» жүйесінің автобустар мен троллейбустарға орнатылған 50 камерасы 15 қаңтардан бастап толық іске қосылады. Әзірге олар да сынақтан өткізіліп жатыр. Айыппұл төлеу жөніндегі ұйғарымды рәсімдейтін операторлардың жұмысын жеңілдету әрі жылдамдату мақсатында, камералар қала картасымен байланыстырылады.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, орташа жылдамдықты есептейтін камералар жайлы ақпарат пайда болған соңғы айларда Алматы көшелеріндегі жылдамдық сәл бәсеңсігендей, дегенмен аталған құрылғылар күніне жүздеген ереже бұзу деректерін тіркейді.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.