• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Павлодар облысы әкімінің орынбасары С. Шаяхметов Алматы қаласын дамыту орталығына тәжірибе зерттеу үшін келді

Алматы қаласы әкімдігінің Open Almaty қоғамдық қабылдау бөлмесінде тұрғындардың өтініштерін қабылдау және өңдеу бойынша жұмыс қалай жолға қойылған, Алматы қаласының Ситуациялық орталығында мегаполисті дамытудың қандай негізгі индикаторларына мониторинг және талдау жүргізіледі, Деректерді өңдеу орталығының функционалы қандай - Алматы қаласын дамыту орталығы қызметінің осы негізгі бағыттары туралы Павлодар облысы әкімінің орынбасары Сәкен Шаяхметовке тәжірибе зерттеу сапары аясында айтылды.

2017 жылғы қыркүйекте Алматы қаласын дамыту орталығы Алматы қаласы әкімдігінің Open Almaty қоғамдық қабылдау бөлмесін ашты. Онда тұрғындар мен қонақтар бір терезе қағидаты бойынша мегаполис тыныс-тіршілігінің барлық мәселелеріне қатысты консультация алып, өтініш бере алады. Жоба Алматы қаласы әкімдігінің бастамасымен жүзеге асырылды және Smart Almaty тұжырымдамасын іске асырудың бір бөлігі болып табылады.

Open Almaty жобасының басты мақсаты: кедергісіз орта құру, мемлекеттік органдардың халыққа есеп беруі, қала тұрғындарының мәселелерін шешу, сондай-ақ кері байланысты тұрақты талдау, сапасын жақсарту мен проактивті әрекет етуді енгізу.

С. Шаяхметовке Open Almaty жүйесінің функционалы туралы да айтылды. Ол тұрғындардың Абай даңғылы, 90 мекенжайында орналасқан фронт-офис, 1308 байланыс орталығы, open-almaty.kz порталы, Facebook Instagram, Twitter әлеуметтік желілері арқылы түскен әрбір өтініштің орындалуын жүйелі қадағалауға мүмкіндік береді.

Алматын қаласын дамыту орталығының қызметкерлері жауапты орындаушылардың (аудандық әкімдіктер, қалалық басқармалар, коммуналдық қызметтер) сапалы және уақытылы жауап беруін Open Almaty инспекторлары қадағалайтынын атап өтті. Апта сайын өтініштер статистикасы қала басшылығына жолданады. Бұл тұрғындардың қандай да бір өтініштері бойынша орындаушы болып табылатын әкімдіктің ведомстволық қарасты ұйымдарының дербес жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Қала тұрғындарының өтініштерін талдау алматылықтарға қандай өнімдер мен қызметтер қажет екенін білуге, сондай-ақ проактивті әрекет етуге мүмкіндік береді. Мәселен, Алматыда «Халықтық қатысу бюджеті» жобасы жүзеге асырылуда, онда тұрғындар абаттандыру бойынша ұсыныстарын білдіріп, дауыс беру арқылы бюджет қаражатын қайда жұмсау керектігін өздері шешеді.

Алматы қаласын дамыту орталығының қызметкерлері әкімдік өкіліне «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылған және 2018 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасына таныстырылған Ситуациялық орталықтың жұмысын көрсетті.

Ситуациялық орталықта 1,2 мыңнан астам индикаторға цифрлық мониторинг жүргізіледі, оның ішінде: қоғамдық көлік мониторингі (автобустарда орнатылған GPS олардың шығу жиілігін қадағалауға мүмкіндік береді), әлеуметтік нысандар мониторингі (қала мектептері мен балабақшалардағы орын дефициті/профициті және т.б.), криминогендік жағдай мониторингі (қалалық қылмыс картасы) және т. б. Шынайы сандар мен фактілер негізінде қаланы дамыту және қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту бойынша басқару шешімдері қабылданады. Алматы қаласын дамыту орталығының өкілдері қазіргі уақытта «Алматы қаласының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының» негізгі индикаторларына мониторинг жүргізу аясында Ситуциялық орталықты дамытудың 2021 жылға арналған жоспары жасалып жатқанын атап өтті. Бұдан бөлек, болжамдық және корреляциялық модельдерді іске асыру мақсатында Ситуациялық орталықтың талдамалық блогын дамыту жоспарлануда.

Сонымен қатар С. Шаяхметовке Деректерді өңдеу орталығының (ДӨО) серверлік бөлмесі көрсетіліп, оның функционалы және бірқатар инженерлік жүйелердің: прецизионалды кондициялау, өрт сөндіру, бейнебақылау және т.б. болуы туралы айтылды.

Кездесу барысында 2018 жылы Алматы қаласын дамыту орталығының цифрландыру және азаматтар мен қала әкімшілігінің өзара әрекеттестігіне (Open Almaty) жауап беретін бөлімшелерінің жұмысы ISO 9001:2015 стандартының халықаралық сертификатымен расталғаны атап өтілді.

С. Шаяхметовтың айтуынша, облыс орталығында бір терезе қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсететін «Open Pavlodar» фронт-офисі жұмыс істейді. Өңір әкімшілігі «Open Pavlodar» жұмысын ары қарай дамытып, Ситуациялық орталық құруды жоспарлап отыр.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.