• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Проблемалы жерлердің шешімі: Б. Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша 1241 отбасы құқық белгілейтін құжаттарды алды

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында Алматы қаласы жер қатынастары басқармасының басшысы Ардақ Самамбетов айтты.

«Ағымдағы жылдың 9 айында Жер комиссиясының 27 отырысы өткізілді, онда азаматтардың, бизнес және мемлекеттік органдар өкілдерінің жалға беру, ұзарту, нысаналы мақсатын өзгерту және басқа мәселелер бойынша 3680 өтініші қаралды», — деді А. Самамбетов.

Басқарма басшысы атап өткендей, 2663 өтініш бойынша оң шешім қабылданды, ал 1017 өтініш бойынша жер пайдалану құқығын беруден, ұзартудан, жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуден бас тартылды. Алматы қаласы әкімдігінің 2030 жеке тұлғасына және 1182 заңды тұлғасына қатысты 461 оң қаулы қабылданды.

«Ағымдағы жылы қала әкімі тұрғындармен бірқатар кездесулер өткізді, онда проблемалық жер телімдерінің мәселелері де көтерілді. Түгендеу қорытындысы бойынша Алатау ауданында 930 проблемалық жер учаскесі анықталды, олардың 724-і шешілді, қалғандары жұмыс үстінде. Аталған учаскелер бойынша проблема су қорғау белдеулерімен байланысты. 311 жер учаскесі рәсімделді, яғни 1241 отбасы құқық белгілейтін құжаттарды алды», — деп атап өтті спикер.

Сонымен қатар, жер пайдаланушылардың тізімімен қаулыларға қосымшаларды дайындау, сондай-ақ ҚР Жер кодексіне түзетулерді қабылдау есебінен өтініштерді қарау мерзімдері айтарлықтай қысқартылды:
- Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу 15 жұмыс күнін құрайды (30 жұмыс күні болды);
- жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру — 13 жұмыс күні, (30 жұмыс күні болды);
- жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту — 4 жұмыс күні (7 жұмыс күні болды).

«Әлеуметтік нысандарды, мектептер мен білім беру мекемелерін салу мақсатында Алматы қаласының жайлы қалалық орта басқармасына 8 жер телімі берілді», — деп атап өтті А. Самамбетов.

Бұдан басқа, дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салу үшін
Алматы қаласының жайлы қалалық орта басқармасына 5 жер телімі берілді. Мемлекеттік мекемелерге 130 жер учаскесі.

2020 жылдың 9 айында мемлекет мұқтажы үшін 54 жер учаскесі алынды. Дархан шағын ауданында мектеп салу жобаларын жүзеге асыру үшін жер сатып алу толығымен аяқталды; жедел автобус көлігі жүйесі бар көше желісін қайта жаңарту; «Орталық стадионның» инфрақұрылымын қайта құру және жаңғырту үшін; Рысқұлов даңғылы мен Құлжа тас жолының қиылыстарында жол айрығын салу үшін. Аяқталмаған объектілері бар жобаларды іске асыру үшін жер учаскелерін сатып алу жалғастырылды.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.