• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Сағынтаев Алматыда жұмысқа орналасудың жүйесі туралы айтты

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің  Instagram-дағы парақшасында мегаполисте жұмысқа тұру жүйесінің қалай атқарылатыны туралы бейнеролик жариялады.

Бейнероликте келтірілген мәлімет бойынша ағымдағы жылы қалада 56 мың жұмыс орны құрылады деп күтілуде. Оның ішінде 25 мың жұмыс орны «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» бағдарламасы бойынша. Осы бағдарлама аясында жол жөндеу, қоғамдық кеңістіктер мен басқа да орындарды абаттандыру жобалары жүзеге асатын болады.

«Жұмыс іздеген қала тұрғындары қалалық жұмыспен қамту орталығына жүгінеді. «Екі қолға бір күрек іздеген» 27 мың азаматтың 13,5 мыңы жұмыспен қамтылды. Олардың ішінде күзет компаниясына жұмысқа тұрған Дина Ерекешова бар», - деп жазды Б.Сағынтаев.

Роликте баяндалғандай, Д. Ерекешова көп уақыт бойына жұмыс таба алмайды. Содан Жұмыспен қамту орталығына жүгінуді жөн көріп, аталған мекемеге барады. Мұнда ол қажетті барлық кеңестерді алады және ұсынылған бос орындардың ішінен өзіне керектісін таңдайды. Қазіргі кезде алматылық әйел күзет агенттігенде әкімгер болып жұмыс істеуде.

«Біздегі «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасында үш бағыт бар: қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары және жастар тәжірибесі», - деп хабарлады Алматы әкімі.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.