• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Сағынтаев алматылық мектеп түлектерін құттықтады

Бақытжан Сағынтаев мектеп бітірген алматылық түлектерді құттықтады. Әкім құттықтауын Facebook-тағы өзінің парақшасында жариялады.

Алматы әкімі 9299 мектеп түлегінің үлкен өмірге қанат қаққанын атап өтті. Соның ішінде 545 түлек – «Алтын белгі» иегері, 714 оқушы оқу озаты атанды.

Биыл мектептерде соңғы қоңырау алғаш рет онлайн түрде соғылды.

Бақытжан Сағынтаев өзінің құттықтауында мектеп директорлары мен ұстаздардың осынау естен кетпес сәттің сән-салтанатын келістіріп, сезіндіру үшін қолдан келгенді жасағандықтарын ерекше айтты.

«Қыруар еңбек атқарылды. Төртінші тоқсанда сабақтар қашықтан өтті. Оқу процесінің үзілмеуі үшін жедел іске кірістік», — деп жазды және ол ұстаздар мен мектеп директорларының қажырлы еңбектерін атап өтті.

Мектеп директорларына, ұстаздарға, оқушылар мен олардың ата- аналарына алғыс білдірген қала әкімі қиын сәтті бірлесе еңсере білудің арқасында құнды тәжірибе жинақаталғанын, оның болашақтағы заман сынағына лайықты төтеп беруге көмектесетінін баса көрсетті.

«Биылғы түлектер мектепті онлайн тәмамдаған пионерлер болды. Сендер қолайсыз жағдайда да білімге ерекше құштарлық таныттыңдар. Балаларға қолдау көрсеткен ата-аналарға мың алғыс. Өз міндеттерін мүлтіксіз атқарған мұғалімдерге рахмет», — деп жағастырды ол.

Бақытжан Сағынтаев өзінің құттықтауында түлектерді табанды, тапқыр және қайсар болуға шақырды.

«Өмірлеріңіздің жаңа парағын ашқалы тұрсыздар. Білім көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік көп. Қай мамандықты таңдасаңыз да, сол мамандықтың білгір маманы болып шығуға тырысыңыздар. Табандылық – арман мен мақсатыңа апарар алғашқы қадамың. Оқушының жетістігі – ұстаздың абыройы, еңбегінің нәтижесі. Ақ жол!», — деп қорытындылады ол.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.